БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық (сырттай) балалар шығармашылығы фестивалін өткізу туралы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық (сырттай) балалар шығармашылығы фестивалін өткізу туралы

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ағымдағы жылдың қараша айында «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық (сырттай) балалар шығармашылығы фестивалін өткізеді.

Фестиваль жалпыұлттық құндылықтарға негізделген «Мәңгілік Ел» идеясын балалар шығармашылығы арқылы іске асыруды көздейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың патриоттық сезімдерін оятып, олардың өнерлеріне қолдау көрсетуді мақсат етеді.

Фестивальға меншік нысанына, типтері мен түрлеріне қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдардың 3-6 жас аралығындағы балалары қатысады. Олардың шығармашылық жұмыстары мынадай номинациялар бойынша бағаланады:

– «Жезтаңдай әнші» (балалардың патриоттық әндері);

– «Көркем сөз шебері» (тақпақ, мақал-мәтел, өлең, шағын әңгімелер);

– «Мың бұралған биші» (баланың би өнері);

– «Қолөнер шебері» (баланың бейнелеу және қолданбалы өнері);

– «Үздік қойылым» (балалардың театрландырылған қойылымы).

Қорытындысында комиссия мүшелері номинациялар бойынша жүлделі орындарды анықтайды.

Фестивалдің республикалық кезеңінің жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады.

Қорытытындысы және жеңімпаздардың фото-галерея жұмыстары Орталықтың www.rc-dd.kz сайтында жарияланады.

 

 

Анықтама: тел. 8 (7172) 29 56 29,  e-mail: rcdd_info@mail.ru

Оставить комментарий