«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту кезеңіндегі мектепалды даярлық: болашақтағы даму жағдайы және бағдары»

республикалық конференциясы туралы
АҚПАРАТ

          29 наурыз 2016 жылы Астана қаласы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті және «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту кезеңіндегі мектепалды даярлық: болашақтағы даму жағдайы және бағдары» тақырыбында Республикалық конференция өткізді.
         Конференция жұмысына ҚР БҒМ өкілдері, «Мектепке дейінгі балалық шақ» РО қызметкерлері, ғалым-педагогтар, облыстық және Астана, Алматы қалалық білім басқармаларының басшылары және мектепке дейінгі білім беру мамандары, баспалар басшылары мен мамандары, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және мектепалды даярлық эксперименттік сыныптарының педагогтары, мектепке дейінгі эксперименттік ұйымдардың әдіскерлері, баспасөз өкілдері («Білім айнасы», «Дошкольный мир») қатысты.
         Мектепалды даярлық бойынша «Алматыкітап» баспасы», «Арман-ПВ» баспалары, «Новые решения» білім беру қоры» ЖШС оқу-әдістемелік кешендерінің көрмесі ұйымдастырылды.
         Республикалық конференция жұмысы екі бөлімде жүргізілді.
         Конференцияның пленарлық бөлімінде ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту басқармасының басшысы, п.ғ.к. Сұлтанғазиева Шарапат Сейсенбекқызы, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының директоры, п.ғ.к. Игенбаева Бижан Құрманғалиқызы, ҚазҚМУ педагогика және психология факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор Жиенбаева Сайраш Нағашбекқызы, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Дүйсебек Әділхан Төлегенұлы баяндамаларында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту барысындағы мәселелері мен оның шешу жолдары ұсынылды.
         Экспериментатор-педагогтар атынан Астана қаласы №69 мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айтышева Баянгүл Қадырқызы, ШҚО Өскемен қаласы №39 орта мектебінің эксперименттік мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Лемпп Елена Владимировна сынақ жұмыстарынан ақпарат беріп, эксперимент барысында қолданып отырған оқу-әдістемелік кешендердің тиімді жақтары мен назар аударатын тұстармен ой бөлісті. Отырыс барысында қатысушылардың сұрақтары талқыланып, ұсыныстары тыңдалды.

       Конференцияның секциялық жұмысы экспериментке қатысушы Астана қаласы №69 мектеп-гимназиясында өтті.
       Жұмыс барысында Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылы №1 орта мектебі эксперименттік мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Шажалиева Айжан Қойшығұлқызы, Астана қаласы № 65 «Бал бала» балабақшасының әдіскері Асанова Қарашаш Қамидоллақызы, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутино ауылы М.Горький атындағы мектеп-лицейінің эксперименттік мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Әбдірахманова Зульфия Харисқызы тәжірибелерін ортаға салды. Ұсынылған оқу-әдістемелік кешендерге салыстырмалы талдау жасап, тиімділігі мен толықтыруды қажет ететін мәселелермен пікір алмасты.
         Сөз сөйлеген экспериментатор-педагогтардың сұрақтар мен ұсыныстарына жауап ретінде баспа өкілдері баяндамалар жасады. Олар: «Алматы-кітап» баспасы» басқармасының бастығы Шакиева Бөбейхан Баратқызы және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Тажимова Бақытгүл Социалқызы, «Арман-ПВ» баспасының әдіскері Абдрахимова Гүлнар Додабайқызы, «Новые решения» білім беру қоры» ЖШС бас директоры Ким Вячеслав Семенович.
Конференцияға қатысушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Республикалық конференция қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

Кеңестер-Сұрақ-жауап