Мектепке дейінгі ұйымдардың «Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар» республикалық байқауы

Мектепке дейінгі ұйымдардың «Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар» республикалық байқауы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының  ұйымдастыруымен  2014 жылдың    16-17 қазан күндері Астана қаласында «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерінің арасында интерактивті технологияларды қолдануда үздік педагогикалық тәжірибені флипчарт-сабақтар түрінде анықтау және жоғары кәсіби деңгейге қол жеткізетін шығармашыл педагогтарды қолдау мақсатында «Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар» атты республикалық байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

DSC_0228

Республикалық байқауға 16 өңірдің мектепке дейінгі ұйымдарынан 16 жеңімпаз-педагог қатысып, өздерінің флипчарт-сабақтарын қорғады.

Қатысушылар ұсынған флипчарт-сабақтар ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖМБС талаптары мен жалпы білім беретін бағдарламаларына сәйкестігі, оқу материалдарын ұсынуда педагогтың кәсіби құзіреттілігі, флипчарт-сабақтың мазмұндық құрылымы: мақсатына сәйкестігі, қажетті ресурстарды қолдану шеберлігі;олардың балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі, флипчарт-сабақты безендіру стилі, тартымдылығы бағытында критерийлер бойынша бағаланды.

DSC_0260

Қорытындысында, байқаудың әділқазылар алқасы педагогтардың үздік флипчарт-сабақтарымен танысып, зерттеп, талқылап, олардың жан-жақты ізденімпаздығын, кәсіби шеберлігін және шығармашылық жетістіктерін ескере отырып, женімпаздарды анықтады.  Марапаттау рәсімінде  қатысушыларды ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту басқармасының  жетекшісі Ш.С.Сұлтанғазиева құттықтап, жүлделі орын алған төмендегі жеңімпаздарды  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрінің арнайы дипломдарымен марапаттады және демеушілер көмегімен бағалы сыйлықтар тарту етілді:

Бас жүлде:

Жанна Амантайқызы Тымбаева –  Жамбыл облысы Тараз қаласы №28 балабақшаның тәрбиешісі (сыйлық – ноутбук, демеушілік еткен Астана қаласы Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар Ассоциациясы).

І орын:

Айдана Мұратқызы Сагидуллина – Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы        № 34 «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі (сыйлық – «Ақылды балапан» оқу-танымдық кешені, демеушілік еткен «Новые решения Астана» компаниясы);

ІІ орын:

  1. Гүлбану Бақытқызы Нұрашева – Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №29 «Айкерім» балабақшасының тәрбиешісі;
  2. Ляззат Жолдасқызы Жагипарова  – Атырау облысы Атырау қаласы №6 «Гүлдер» бөбекжай балабақшасының бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі.

(сыйлықтар – планшет, демеушілік еткен «Алматыкітап» баспасы).

ІІІ орын:

  1. Чжан Любовь Александровна – Алматы облысы Іле ауданы Қосөзен ауылы «№14 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы» тәрбиешісі;
  2. Герасименко Ольга  Юрьевна – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы №1 «Гүлдер» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі;
  3. Жанна  Кабдилевна  Сагилова –   Астана қаласы №32 «Балдәурен» балабақшасының логопеді.

(сыйлықтар – интерактивті тілашар, демеушілік еткен «Interactiv Kazakhstan» ЖШС).

Сондай-ақ, Республикалық байқауының барлық қатысушыларын «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының директоры Б.Қ.Игенбаева құттықтап, Орталықтың алғыс хаттарымен марапаттады және естелік-сыйлық ретінде  электронды қазақ үйлер (демеуші- «Ұлас-Электрон» ЖШС) мен интерактивті указка Activwand (демеуші – «Interactiv Kazakhstan» ЖШС) ұсынылды.

DSC_0201

Сонымен бірге, Байқау жеңімпаздарын марапаттауға демеушілік көмек көрсеткен  төмендегі демеушілер  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрінің алғыс хаттарымен марапатталды:

  1. Куленова Ләйла Ескендірқызы – Астана қаласы Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар Ассоциацияның президенті;
  2. Ким Вячеслав Семенович – «Новые решения Астана» компаниясының президенті;
  3. Саймасаева Гаухар Айтжанқызы – «Алматыкітап» баспасы президенті;
  4. Құдайбергенұлы Нұралы – «Interactiv Kazakhstan» ЖШС президенті;
  5. Қызырбекұлы Ғалымбек – «Ұлас-Электрон» ЖШС бас директоры;

6.Оразбекова Сәулет Қабиқызы – «Мұрагер-Астана» жекеменшік балабақшасының жетекшісі;

  1. «Interactiv Kazakhstan» ЖШС компаниясы.

Оставить комментарий