«Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы мен инновациялық технологияларды қолдануды сынақтан өткізу бойынша эксперименттік жұмыстардың барысы» өңірлік семинарын өткізу туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында 2016 жылдың 10 маусымында «Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы мен инновациялық технологияларды қолдануды сынақтан өткізу бойынша эксперименттік жұмыстардың барысы» өңірлік семинар өткізеді.
Семинар жұмысына Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстық білім басқармаларының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласына жауапты мамандар, аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, эксперименталдық алаңы бар мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен педагогтары қатысады.
Семинар жұмысының барысында мектепке дейінгі ұйымдарда Жалпы білім беретін оқу бағдарламасын қолдану сынақтарының мәселелері талқыланады, Ақтау қаласындағы эксперименталдық алаңы бар мектепке дейінгі ұйымдар жұмыстарымен танысады.
Семинарда Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасын мектепке дейінгі ұйымдарда сынақтан өткізу және инновациялық әдістер мен технологияны қолдану бойынша пікір алмасулар болады.
Өңірлік семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданады.

«2016-2017 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-оқыту үдерісін ұйымдастыру туралы» әдістемелік нұсқау хаттың жобасын талқылау мақсатында on-line тәртібінде республикалық семинарды өткізудің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы 2016 жылдың 30 мамырында Астана қаласында «2016-2017 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-оқыту үдерісін ұйымдастыру туралы» әдістемелік нұсқау хаттың жобасын талқылау мақсатында on-line тәртібінде республикалық семинар ұйымдастырып өткізеді.
Семинарға Орталық өкілдері, облыстық, Астана, Алматы қалалық білім басқармаларының мектепке дейінгі білім беру саласына жауапты мамандары және мектепке дейінгі ұйым педагогтары қатысады.
Семинар жұмысының барысында жаңа 2016-2017 жылдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының басты бағыттары талқыланады.
Семинарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандары мен мектепке дейінгі ұйым педагогтары сұрақтар қою және оған жауап алу, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болады.
Республикалық семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданады.

«Мектеп жасына дейінгі балаларды ерте жастан дамытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері: бүгінгі жағдайы және болашағы» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақпараттық-талдау орталығы мен «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығымен бірге ағымдағы жылдың 27 мамырында «Мектеп жасына дейінгі балаларды ерте жастан дамытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері: бүгінгі жағдайы және болашағы» республикалық дөңгелек үстел өткізеді.
Дөңгелек үстел отырысына Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті, Ақпараттық-талдау орталығы, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының өкілдері, Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармасының мамандары, мектепке дейінгі ұйым педагогтары қатысады.
Отырыста мектеп жасына дейінгі балаларды ерте жастан дамыту, балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту және ата-аналар қоғамдастығымен бірлескен әрекеттер туралы сұрақтар талқыланды, мәселелерді шешу жолдары қарастырылады.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынымдар қабылдайды.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту кезеңіндегі мектепалды даярлық: болашақтағы даму жағдайы және бағдары» Республикалық конференцияны өткізу туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2016 жылдың 29 наурызында Астана қаласында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту кезеңіндегі мектепалды даярлық: болашақтағы даму жағдайы және бағдары» тақырыбында Республикалық конференция өткізіледі.

Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті және «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы.

Республикалық конференцияның жұмысына ҚР БҒМ өкілдері, облыстық және Астана, Алматы қалалық білім басқармаларының басшылары және мектепке дейінгі білім беру мамандары, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепалды даярлықтың эксперименттік сыныптарының педагогтары, мектепке дейінгі эксперименттік ұйымдардың әдіскерлері  қатысады.

Республикалық конференция барысында Мектепалды даярлық бағдарламасының мазмұнын жаңарту және оқу-әдістемелік кешендерді білім беру үдерісіне қолдану мәселелері талқыланады.

Мектепалды даярлық бойынша оқу-әдістемелік кешендерінің көрмесі ұйымдастырылады.

Республикалық конференция қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданады.

«Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы мен инновациялық технологияларды қолдануды сынақтан өткізу бойынша эксперименттік жұмыстардың барысы» өңірлік семинарын өткізу туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы Қарағанды қаласында 2016 жылдың 18 наурызында «Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы мен инновациялық технологияларды қолдануды сынақтан өткізу бойынша эксперименттік жұмыстардың барысы» өңірлік семинар өткізеді.

Семинар жұмысына Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласының білім басқармаларының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мамандары, аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, эксперименталдық алаңы бар мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен педагогтары қатысады.

Семинар жұмысының барысында мектепке дейінгі ұйымдарда Жалпы білім беретін оқу бағдарламасын қолдану сынақтарының мәселелері талқыланады, Қарағанды қаласындағы эксперименталдық алаңы бар мектепке дейінгі ұйымдар жұмыстарымен танысады.

Семинарда Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Жалпы білім беретін оқу бағдарламасын мектепке дейінгі ұйымдарда сынақтан өткізу және инновациялық әдістер мен технологияны қолдану бойынша пікір алмасулар болады.

Өңірлік семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданады.

 

 

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жаңарту: жаңа сапа және жаңа көзқарас» тақырыбында Қызылорда қаласында мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына Республикалық форум өткізу туралы

«Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар мен құзіреттілік тәсілдер – табысты мектепке қадам» Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің  Республикалық тамыз педагогикалық кеңесін ұйымдастыру мен өткізу бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 12 тамызы күні   «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жаңарту: жаңа сапа және жаңа көзқарас» тақырыбында Қызылорда қаласында мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына Республикалық форум өткізіледі.

Аталған форумда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін жаңғыртуға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту, мектепке дейінгі білім беруді мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз етуде шағын және орта бизнестің маңыздылығы, мектепке дейінгі ұйымдарды салуда архитектуралық шешімдер, мектепке дейінгі білім беру жүйесі қызметтерін автоматтандыру мәселелері  талқыланатын болады.

Форумға ҚР БҒМ, ЮНИСЕФ, ҚР ҰЭМ, жеке мектепке дейінгі ұйымдар ассоциациялары өкілдері,  облыстық, Астана мен Алматы қалалары білім басқармалары басшылары, мектепке дейінгі ұйым басшылары, ЖОО оқытушылары, ата- аналар қауымдастығының өкілдері қатысады.

Форум барасында қатысушылар «Жаңа мазмұн – жаңа көзқарас» («Сөйлейтін қалам «Зерек», «Сөйлейтін қалам «Даналық әліппесі», E-bloсks (үш тілде), мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған электронды ойыншықтар және т.б.») көрмесімен  және «Республиканың мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жетістіктер» бейнематериалымен танысады.

Республиканың басшылары мен педагогтары  мектепке дейінгі ұйымдар қызметін ұйымдастыру, инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу, эксперименттік жұмысты ұйымдастыру бойынша жинақталған тәжірибелерімен бөліседі.

Кеңес қорытындысы бойынша басшылыққа және жұмыс барысында қолдану үшін ұсынымдар қабылданады.

«Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде флипчарттар пайдалану» оn-line тәртібіндегі республикалық оқыту курсын өткізу туралы БАСПАСӨЗ  ХАБАРЛАМАСЫ

2015 жылдың 17 шілдесінде сағат 10.00-де Астана қаласында  ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы  «Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде флипчарттар пайдалану»  оn-line тәртібіндегі республикалық оқыту курсын өткізеді.

Оқыту курсының жұмысына өңірлердің білім басқармаларының мамандары, мектепке дейінгі ұйым жетекшілері мен педагогтары қатысады.

Курс өткізу барысында халықаралық деңгейдегі англиялық тренер Инна Стивенс дәріс береді. Флипчарттар әзірлеу және пайдалану тәжірибесімен Тараз қаласының №28 балабақша тәрбиешісі Тымбаева Жанна Амантайқызы, Орал қаласы №34 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Сағидуллина Айдана Мұратқызы және Алматы облысы  №14 ОМ шағын топтың тәрбиешісі Чжан Любовь Александровна бөліседі.

Курста төмендегідей мәселелер талқыланады:

  • тәрбиелеу-оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары;
  • флипчарттар пайдалану арқылы балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту;
  • тәрбиелеу-оқыту үдерісіндегі флипчарт-сабақтардың ролі;
  • флипчарт әзірлеуде интерактивті тақта ресурстарының мүмкіндіктерін пайдалану.

 

Оқытылған тақырыптар бойынша өзекті мәселелерге сұрақ-жауаптар ұйымдастырылады.

 

Оқыту курстарының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданады.