Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ директоры

ИГЕНБАЕВА БИЖАН ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ

bizhan-kurmangalievna

10 наурыз 1960 жылы Алматы облысында туған.

Білімі жоғары.

  • Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты «География және биология мұғалімі» мамандығы;
  • Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті «Бастауыш класс мұғалімі» мамандығы.

Ғылыми дәрежесі: педагогикалық ғылымдар кандидаты, доцент. 

    Еңбек жолын 1986 жылы Алматы қаласындағы №62 ОМ география мұғалімі, №159 ОМ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен бастаған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жалпы орта білім департаментінде жетекші, бас маман, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында аға ғылыми қызметкер, ББЖКБАРИ зертхана меңгерушісі, «12 жылдық білім беру» республикалық ғылыми білім беру орталығы директорының орынбасары, ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен 2013 жылдың ақпанында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ директоры болып тағайындалды.

    Б. Игенбаева екі монография, бірқатар бағдарламалық-әдістемелік және оқу құралдары: «Әліппе», «Өзін өзі тану» оқулығы мен ОӘК (1-3 кл), «Қазақ тілі» (2-11 кл) пәні бойынша электронды оқу-әдістемелік кешені, «Ана тiлi» (2-3 кл) оқулығына арналған хрестоматия, «Креативтік тәрбие» колледждерге арналған оқу құралдарының авторы, «Даналық әліппесі» сөйлейтін қалам интеллектуалды электронды оқу-тәрбие кешенін құрастырушы.

   Бижан Құрманғалиқызының басшылығымен Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны нормативтік құжаттары, республиканың мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне арналған әдістемелік материалдар әзірленді.

Игенбаева Бижан Құрманғалиқызы

  • «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі»;
  • «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері»;
  • «Ы.Алтынсарин» төс белгілерімен марапатталған.

 

Әкімшілік жұмыстар бөлімінің басшысы

КЫЛЫШ БОЛАТОВИЧ БАБАЕВ

%d0%b1%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2-%d0%ba%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d1%88-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%b0%d1%82%d0%be%d0%b2%d0%b8%d1%87

19 ақпан 1970 жылы Қарағанды облысында туған.

Білімі жоғары.

  • Көкшетау ауылшаруашылық институты «Инженер-механик» мамандығы;
  • Қарағанды «Фемида» заң институты «Заңгер-құқықтанушы» мамандығы.

    Еңбек жолын Чистопольск 10-КТУ арнайы пәндерінің оқытушысы қызметінен бастады. СҚО бойынша ӨҚМБ ІІБ 31-ӨБ өртті қадағалайтын мемлекеттік инспекторы, Ақмола облыстық жемқорлық және сыбайлас қылмыстармен күресу департаменті қаржы полициясы ұйымында қызметкер, Қарағанды қаласы «ТИАТР» ұлтаралық компаниясы» ЖШС заңгері, Қарағанды қаласы ЖШС «Каржас-Энерго» ЖШС коммерциялық директоры болып жұмыс істеді..

2013 жылдың тамыз айында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ әкімшілік жұмыстар бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

 «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы

ТАЖИБАЕВА АЛМА ЖАНБЫРШИЕВНА

%d1%82%d0%b0%d0%b6%d0%b8%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2%d0%b0-%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d0%b0-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b1%d1%8b%d1%80%d1%88%d0%b8%d0%b5%d0%b2%d0%bd%d0%b0

18 мамыр 1971 жылы Жамбыл облысында туған.

Білімі жоғары.

  • Жамбыл педагогикалық институты «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығы;
  • М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Биология» мамандығы.

    Еңбек жолын 1994 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Балбұлақ» балабақшасында тәрбиеші болып бастады. Жамбыл облысы №2 «Мыңбұлақ» орта мектебінде мектепалды даярлық сыныбында мұғалім болып жұмыс істеді. ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалақ шақ» республикалық орталығында сарапшы қызметін атқарды.

 Педагогикалық қызмет уақытында:

  • «Мектепалды даярлықтың үздік тәрбиешісі» аудандық, облыстық конкурстардың Гран-при иегері;
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезд делегаты.

    2014 жылдың ақпан айында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Марапаттаулары:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны бөлімінің басшысы

ЕРМАНОВА МАРИЯ НАЯТОВНА

%d0%b5%d1%80%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2%d0%b0-%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b8%d1%8f-%d0%bd%d0%b0%d1%8f%d1%82%d0%be%d0%b2%d0%bd%d0%b0

    5 қазан 1970 жылы Қызылорда облысында туған.

  Білімі жоғары. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін  «Бастауыш сынып мұғалімі және мектепке дейінгі мекеме әдіскері» мамандығы бойынша бітірген.

  Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда облысында №30 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі қызметінен бастаған. Қызылорда облысының №187 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,  директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Астана қаласының №40 «Құлпынай» балабақшасының тәрбиешісі болып жұмыс істеді. «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын басқару бөлімінің сарапшысы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны бөлімінің аға сарапшысы қызметін атқарды.

   2016 жылдың маусым айында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ бұйрығымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны бөлімінің жетекшісі болып тағайындалды.

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.