Category: Анонс

ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мен инновациялық технологияларды қолдануды сынақтан өткізу бойынша эксперименттік жұмыстардың барысы өңірлік семинарын өткізу туралы

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы 11 қараша 2016 ж. Алматы қаласында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мен инновациялық технологияларды қолдануды сынақтан өткізу бойынша эксперименттік жұмыстардың барысы өңірлік семинары өтетінін хабарлайды.

Өңірлік семинарға, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстық және Алматы қалалық білім басқармаларының мектепке дейінгі тәрбие мен  оқыту саласына жауапты мамандары, мектепке дейінгі ұйым педагогтары қатысады.

 

Өткізу уақыты: сағат 9.30-17.00

Өтетін орны: Алматы қаласы, №18 «Ертөстік» балабақшасы,
Қарасай батыр көшесі №82

Қатысушыларды тіркеу сағат 9.30-да басталады.

 

Анықтама: 8 (7172) 29 56 29 телефоны, e-mail: rcdd_info@mail.ru

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық (сырттай) балалар шығармашылығы фестивалін өткізу туралы

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ағымдағы жылдың қараша айында «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық (сырттай) балалар шығармашылығы фестивалін өткізеді.

Фестиваль жалпыұлттық құндылықтарға негізделген «Мәңгілік Ел» идеясын балалар шығармашылығы арқылы іске асыруды көздейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың патриоттық сезімдерін оятып, олардың өнерлеріне қолдау көрсетуді мақсат етеді.

Фестивальға меншік нысанына, типтері мен түрлеріне қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдардың 3-6 жас аралығындағы балалары қатысады. Олардың шығармашылық жұмыстары мынадай номинациялар бойынша бағаланады:

– «Жезтаңдай әнші» (балалардың патриоттық әндері);

– «Көркем сөз шебері» (тақпақ, мақал-мәтел, өлең, шағын әңгімелер);

– «Мың бұралған биші» (баланың би өнері);

– «Қолөнер шебері» (баланың бейнелеу және қолданбалы өнері);

– «Үздік қойылым» (балалардың театрландырылған қойылымы).

Қорытындысында комиссия мүшелері номинациялар бойынша жүлделі орындарды анықтайды.

Фестивалдің республикалық кезеңінің жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады.

Қорытытындысы және жеңімпаздардың фото-галерея жұмыстары Орталықтың www.rc-dd.kz сайтында жарияланады.

 

 

Анықтама: тел. 8 (7172) 29 56 29,  e-mail: rcdd_info@mail.ru

«Ең үздік мектепке дейінгі ұйым» республикалық байқауын өткізу туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылдың қазан айында Астана қаласында «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастырып өткізеді.

Байқау Орталықтың 2016 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.

Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жаңартылған мазмұнын жүзеге асыру жағдайында тәрбиелеу, дамыту, оқыту және балалардың табысты әлеуметтенуі бойынша озық тәжірибелерді жинақтау және насихаттау.

Байқауға ведомствалық бағыныстылығына, меншік нысанына, типтері мен түрлеріне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар қатысады.

Байқаудың республикалық кезеңінің жеңімпаздары дипломдармен, құрмет грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталады.

Байқау нәтижесі Орталықтың www.rc-dd.kz сайтында жарияланады.

 

 

Анықтама: тел. 8 (7172) 29 56 29 e-mail: rcdd_info@mail.ru

ХАБАРЛАНДЫРУ «Республиканың 30 пилоттық мектептер аясында Мектепалды даярлықтың үлгілік бағдарламасын енгізу бойынша апробациядан өту жолдары» республикалық дөңгелек үстел өткізу туралы

         «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде «Республиканың 30 пилоттық мектептер аясында Мектепалды даярлықтың үлгілік бағдарламасын енгізу бойынша апробациядан өту жолдары» республикалық дөңгелек үстел өтетінін хабарлайды.

            Дөңгелек үстел жұмысына ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының өкілдері, облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының мамандары, республикадағы пилоттық мектептердегі сынақ алаңдарының мектепалды даярлық сынып педагогтары мен мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері қатысады.

 

Өтетін орны: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Степная көшесі, 106, №2 орта мектебінің базасы

 

Тіркеу уақыты: сағат 09.00-де басталады

 

Анықтама: 8 (7172) 29 56 29 телефоны, e-mail: rcdd_info@mail.ru

«БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ» республикалық тамыз кеңесі аясында мектепке дейінгі білім беру саласының педагогикалық қызметкерлеріне арналған «Мектепалды: бағдарлама мазмұнын жаңарту» секциясын өткізу туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

1

«БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ»

республикалық тамыз кеңесі аясында мектепке дейінгі білім беру саласының педагогикалық қызметкерлеріне арналған «Мектепалды: бағдарлама мазмұнын жаңарту» секциясын өткізу туралы

ХАБАРЛАМА

Астана қаласында 2016 жылдың 17 тамызында «БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ» республикалық тамыз кеңесі аясында педагогикалық қызметкерге арналған  «Мектепалды: бағдарлама мазмұнын жаңарту» секция жұмысы өткізіледі.

Секция жұмысына ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының,  «Ақпараттық-талдау орталығының», «НЗМ» ДББҰ өкілдері, ЖОО, колледждердің  оқытушылары,  мектепке дейінгі ұйым және мектепалды даярлық сынып педагогтары, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері.

Өткізілу форматы – пікірталас алаңы.

Талқыланатын мәселелер: жаңартылған Мектепалды даярлықтың үлгілік оқу бағдарламасын әдіснамалық қолдау; мектепалды даярлықтың сапасын арттыру үшін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын білім беру үдерісіне енгізу; жаңартылған бағдарламаны іске асыру үшін педагогтың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының секциялық жұмысының құрылымы:

  1. «Педагогикалық үдерісті модельдеудің инновациялық құралдары» көрмесі.
  2. Сұхбаттасу алаңы.
  3. Мектепке дейінгі ұйым үздік педагогтарының педагогикалық жетістіктерінен бейнерепортаж (мектепалды топтарында және сыныптарында сабақтардан эпизодтар, ата-аналармен, педагогтармен, балалармен инновациялық жұмыс формалары).
  4. «Отбасы.kz» порталының хабарламасы.
  5. Қорытындылау және ұсынымдар қабылдау.

Форум қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданып, басшылыққа алынады және жұмыста пайдаланылады.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда заманауи әдістер мен технологияларды қолданудың жаңа үрдістері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2016 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 23 маусымында Астана қаласында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырып өткізеді.

Конференция тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда заманауи әдістер мен технологияларды қолданудың жаңа үрдістері».

Конференция жұмысына отандық және шетелдік ғылыми қызметкерлер мен сарапшылар, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, үкіметтік емес ұйым өкілдері, облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының басшылары және мектепке дейінгі ұйым педагогтары шақырылады.

Өткізу уақыты: сағат 9.00-17.30

Анықтама: 8 (7172) 29 56 29 телефоны, e-mail: rcdd_info@mail.ru

 

«Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы мен инновациялық технологияларды қолдануды сынақтан өткізу бойынша эксперименттік жұмыстардың барысы» өңірлік семинарын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы 2016 жылғы

10 маусымында Ақтау қаласында «Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы мен инновациялық технологияларды қолдануды сынақтан өткізу бойынша эксперименттік жұмыстардың барысы» өңірлік семинары өтетінін хабарлайды.

Өңірлік семинарға, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстық білім басқармаларының мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың мамандары, аудандық/ қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, эксперименттік алаңы бар мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен педагогтары қатысады.

 

Өткізу уақыты: сағат 9.30-17.00

Өтетін орны: Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 22-шағынаудан, Маңғыстау туризм колледжінің мәжіліс залы.

 

Қатысушыларды тіркеу сағат 9.30-да басталады.

 

Анықтама: 8 (7172) 29 56 29 телефоны, e-mail: rcdd_info@mail.ru

 

 

«2016-2017 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-оқыту үдерісін ұйымдастыру туралы» әдістемелік нұсқау хаттың жобасын талқылау мақсатында on-line тәртібінде республикалық семинарды өткізу туралы хабарландыру

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы 2016 жылдың 30 мамырында Астана қаласында республикалық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтарына арналған on-line тәртібінде республикалық семинар өтетінін хабарлайды.

Семинарға Орталық мамандары, облыстық, Астана, Алматы қалалық білім басқармаларының мектепке дейінгі білім беру саласына жауапты мамандары және мектепке дейінгі ұйым педагогтары қатысады.

 

Өткізу уақыты: сағат 10.00-13.00

Өтетін орны: Астана қаласы, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы

Анықтама: 8 (7172) 29 56 29 телефоны, e-mail: rcdd_info@mail.ru

http://webinar.idhost.kz/#join:t12684231-aa58-4138-8191-e468f7c7a3b4

«Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жаңғырту аясында мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық құжаттарды жаңарту» республикалық семинарын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы ағымдағы жылдың 27 мамырында «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жаңғырту аясында мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық құжаттарды жаңарту» республикалық семинары өтетінін хабарлайды.

Семинарға ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің, Ақпараттық-талдау орталығының, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының, Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармасының мамандары, мектепке дейінгі ұйым педагогтары қатысады.

Өткізу уақыты: сағат 09:30-13:00

Өтетін орны: Астана қаласы, Достық көшесі №18, «Москва» бизнес-орталығы,10 қабат, Ақпараттық-талдау орталығы, мәжіліс залы

 

Анықтама: 8 (7172) 29 56 29 телефоны, e-mail: rcdd_info@mail.ru

 

 

 

Справки по тел.: 8 (7172) 29 56 29, e-mail: rcdd_info@mail.ru

«Мектеп жасына дейінгі балаларды ерте жастан дамытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері: бүгінгі жағдайы және болашағы» республикалық дөңгелек үстел өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақпараттық-талдау орталығы мен «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығымен бірге ағымдағы жылдың 27 мамырында «Мектеп жасына дейінгі балаларды ерте жастан дамытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері: бүгінгі жағдайы және болашағы» республикалық дөңгелек үстел өтетінін хабарлайды.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің, Ақпараттық-талдау орталығының, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының өкілдері, Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармасының мамандары, мектепке дейінгі ұйым педагогтары қатысады.

Өткізу уақыты: сағат 09:30-13:00

Өтетін орны: Астана қаласы, Достық көшесі №18, «Москва» бизнес-орталығы,10 қабат, Ақпараттық-талдау орталығы, мәжіліс залы

Анықтама: 8 (7172) 29 56 29 телефоны, e-mail: rcdd_info@mail.ru