+A A -A
Қазақша Русский

11.09.2020«Мектепке дейінгі білім беруді дамыту моделінің жобасын әзірлеу» бойынша онлайн режимінде кеңес өткізілген туралы

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы «Мектепке дейінгі білім беруді дамыту моделінің жобасын әзірлеу» бойынша онлайн режимінде кеңес өткізді.

Кеңеске Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыстардың білім басқармаларының жауапты мамандары, облыстық әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің басшылары, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімдерінің басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төраға орынбасары Кудеринова Айкерим Мерекеевна кеңесті ашып, бүгінгі күнгі балабақшалар жұмысының сапасын арттыруға бағытталған шараларға тоқталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің бас сарапшысы Андыбаева Манап Сагаткановна мектепке дейінгі білім беру моделінің жобасымен таныстырды.

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы директорының м.а. Базарбаева Роза Жолаушиевна Орталықтың «Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан 1-2 жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдардың жанынан қысқа мерзімді болу топтарын құру жөнінде әдістемелік ұсынымдар» мен «Үй тәрбиешілері институтын (әлеуметтік бала күтуші) енгізу, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың штаттық кестесіне енгізу» әдістемелік ұсынымдар әзірлегеніне тоқталды.

Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Яндекс.Метрика